ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ СКАУТТАРЫ

334

0

Жыл сайын жазғы уақытта NOMADS CAMP бірегей киіз үй лагері ұйымдастырылады. Биыл аталған лагерге облыстан 50 оқу озаты барды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бас­тамасымен балалар Астанадан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкөл ауданындағы киіз үйлерде тынықты.

NOMADS CAMP апталық бағдарламасы қызықты ойын-сауық ретіндегі білім беру модулі және сауықтыру іс-шарасы болып табылады. Бағдарламада  атпен жүру, садақ ату, көне катапульта әзірлеу, шөптерден шай дайындау, бауырсақ пісіру, балық аулау, бүркітпен саятшылық құру секілді шаралар бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерекше қазақша скаут қозғалысы болып табылады. Балалар киіз үйде тұрып, ата-бабалардың көшпелі өмірімен танысады. Танымдық ойындар кезінде балалар табиғаттың адамға беретін байлығын бағалауды үйренеді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<