«Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ әдебиеті» атты жазушылардың І Пленумы өтуде

190

0

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған ақын-жазушылардың І Пленумы өтіп жатыр.

Алқалы жиынның ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп, аталған мақаланың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ежелгі тарихымыз бен мәдениетіміздің қадір-қасиетін танытып, астарын ашып көрсеткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы баспасөз бетінде жарық көргелі бері оның мән-маңызы мен құндылығы үздіксіз талқылану үстінде, тиесілі жобалар да жасала бастады. Біздің бүгінгі алқалы басқосуымызда алдымен осы мақаланың ең басты бағыттарын бағамдап алуымыз қажет. Өйткені біз отаршылдықтың қиын-қыстауынан өткеннен кейін, өзіміздің тарихымызға өзіміз қолымыз жетпей зәру болып келген елміз», -дейді ол.

Пленумға Одақтың облыстардағы басқарма мүшелері мен Алматы қаласында тұратын ақын-жазушылар қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<