Ұлық мереке

328

0

Ұлық мереке Талсуаттағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында Нау­рыз мерекесі тойланды. Салтанатты шарада  орталық директоры Айгүл Шамшатова жиналған қауымды айшықты мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. 

– Күн мен түн теңеліп, жаңа күн жарқырап, Жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының бойына қан жүгірткен бұл мерекені қай жағынан алып қарасаң да ұлық деуге болады. Ол ежелден бері адамзат баласын жақсылық пен мейірімділікке бөлеп келеді. Бұл күні біз үйлесімділік пен бірлікке ұм­ты­ламыз. Ел тәуелсіздігімен бірге қайта түлеп, ұлттық мерекеге айналған Наурызда баршаңызға бақ-береке, мол табыс тілеймін, – деді А.Шамшатова.

Әрі қарай мерекенің көркін салт-дәстүрден сыр шертетін көрі­ніс­тер кіргізді. Ұлттық дүниелер ұлық­талып, түрлі спорттық ойындар ұйым­дас­ты­рылды. Осылайша, «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесі көктемгі нұрын шашып, барлық қатысушыларды шаттыққа бөледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<