Талсуаттағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында Наурыз мерекесі тойланды. Салтанатты шарада орталық директоры Айгүл Шамшатова жиналған қауымды айшықты мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
– Күн мен түн теңеліп, жаңа күн жарқырап, Жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының бойына қан жүгірткен бұл мерекені қай жағынан алып қарасаң да ұлық деуге болады. Ол ежелден бері адамзат баласын жақсылық пен мейірімділікке бөлеп келеді. Бұл күні біз үйлесімділік пен бірлікке ұмтыламыз. Ел тәуелсіздігімен бірге қайта түлеп, ұлттық мерекеге айналған Наурызда баршаңызға бақ-береке, мол табыс тілеймін, – деді А.Шамшатова.
Әрі қарай мерекенің көркін салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер кіргізді. Ұлттық дүниелер ұлықталып, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Осылайша, «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесі көктемгі нұрын шашып, барлық қатысушыларды шаттыққа бөледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<