Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды

358

0

Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды Алдағы төрт жылда Ұлыбританияда EVTOL (Electric Vertical Take Off and Landing) атты ұшатын және қонатын электрлі такси  пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап. 

The Times газеті дүйсенбі күні хабарлағандай, ерекше ұшатын құрылғы жергілік әуежайдың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, атмосфераға көмірқышқыз газының таралуын азайтады.

Құрылғыны 2016 жылы Бристольде Стивен Фитцпатрик негізін қалаған Vertical Aerospace аэроғарыш компаниясы жасап шығарды. Ұшатын аппарат сәйкес қауіпсіздік сертификаттар алынғаннан кейін 2022 жылы пайдалануға беріледі. Сынақтан өткен үлгісі төрт жолаушыны 150 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Ұшатын таксидің максималды жылдамдығы – 300 км/сағат.

Vertical Aerospace өкілдері атап өткендей, ұшатын такси қалалар арасында қатынайтын болады. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<