«Патшайым Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспегендіктен, үкіметтен кететінін мәлімдеген Дэвид Дэвистің орнына Раабтың келгенін қуана мақұлдады», – делінген Ұлыбритания премьер-министрінің Twitter микроблогында. Айта кетерлігі, Дэвид Дэвис бұдан бұрын Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспейтінін жария еткен болатын. Оның пікірінше, Лондон Брюссельдің алдында біршама кері шегінген. Аймақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару істері бойынша министрліктен бұрын 44 жастағы Рааб әділет министрінің орынбасары болған. Ұлыбританияның ЕО-дан 2019 жылдың 29 наурызында шығатынын ескергенде ол өте жауапты кезеңде тағайындалған болатын.
Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі тағайындалды
09.07.2018
321
0





