Мақал-мәтелдер сайысы өтті

730

0

Мақал-мәтелдер сайысы өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  «Тәрбие – адалдық негізі» тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы өтті.
Ерекше жарыс  тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үлкен септігін тигізді. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» өңірлік фронт офисінің ұйымдастыруымен өткен шараға жастар белсенді қатысып, өздерін жан-жақты көрсете білді.