Мәдени және демалыс паркі жаңғыртудан өтуде

393

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Аймақ басшысының қолдауымен 2024 жылдың қараша айынан бастап қала тұрғындарының жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында саябақтарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Бұл бастама халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қалалық мәдени және демалыс паркінің аумағында кең көлемді абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Мамандар жасыл желектерді көбейтіп, көгалдандыру шараларына да ерекше көңіл бөлген. Сонымен қатар, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылады. Балаларға арналған ойын алаңдары мен демалушылар үшін жайлы орындықтар мен көлеңкелі шатырлар қойылады. Сонымен қатар, субұрқақтар іске қосылады.

Жаңғырту жұмыстары аясында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда.

Жергілікті тұрғындар бұл өзгерістерге оң бағасын беруде. Қаланың көркіне көрік қосатын жаңа демалыс орны мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.