Мәдениет пен спорт саласында жетістік көп

602

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аудан келбетін айшықтап, даңқын асыратын – мәдениеті пен спорт саласы. Жүз жырау шыққан киелі Қармақшы өңірі өлмес өнердің өз адамдарын түлеткен аудан. Өткен жылы ауданның 95 жылдығы аясында 95 шара өткізіліп, кең көлемде атап өтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндап берді.

– Ауданның 95 жылдық тарихын дәріптеу мақсатында «Құт қонған қасиетті Қармақшым» атты республикалық ақындар айтысы және «Қасиетті Мекен – Қармақшым» атты аймақтық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде өткізілді, – деді Жандос Еркінбекұлы.

Брифингте аудан әкімі Жандос Еркінбек спорттағы жетістіктерге де тоқталып өтті.

– 2023 жылы аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 18-алтын,15-күміс, 18-қола медальді жеңсе, Әлем біріншіліктерінде 4 алтын, 4-қола, Европа Кубогында 1-күміс медальді жеңіп алса, Азия чемпионатында 1-алтын, 1-күміс, 3-қола медальді жеңіп алды, – деді аудан әкімі

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<