Мәдениет – қоғам келбеті

218

0

Фото: Мәдениет басқармасы

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – қоғам келбеті» атты форумның ашылуы өтті.

Форумның басты мақсаты- аймағымыздағы мәдениет пен өнер саласының дамуы мен әріптестерімізге жан-жақты шығармашылық қолдау көрсету. Форум барысында шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Сценарист-режиссерларға арналған «Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік сағатын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Қарлығаш Әжиева, жыршы-термешілерге арналған «Дәстүрлі өнерді өркендетудің әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сағатын жырау, ұстаз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алмас Алматов, вокалды-аспапты, фольклорлық ансамбльдер мен қобызшыларға арналған «Шеберлік шеңбері» тақырыбындағы дәрісті композитор, пианист, музыкалық өңдеуші Сәтжан Шәменов өткізсе, «Мәдениет саласындағы креативті менеджмент» тақырыбында журналист-продюсер Қарлығаш Тоғанбаева және «Мобилография. Мәдени шараны ақпараттандыру» тақырыбында республикамызға танымал фото-видео менеджер Шырын Нұрмуханова шеберлік дәрістерін өткізетін болады.

Форум «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты халықаралық симпозиумға қатысушы суретшілердің туындыларынан көрме және облыс әкімінің «Тұран» сыйлығын табыстау рәсіміне арналған «Сыр елі – өнер ордасы» атты Гала концертпен қорытындыланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<