Мәдениет саласы қызметкерлеріне Конституциялық реформалар таныстырылды

6

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге аудандық мәдениет бөлімінің жұмысымен танысты және сала қызметкерлеріне Конституциялық реформалар жөнінде атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы бастамалар Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, жаңа Ата Заң жобасы әзірленді. Онда биліктің құрылымдарын қайта қарауды, адам құқықтарын күшейтуді, мемлекеттік басқарудың жаңа институттарын енгізу мәселелері қамтылған. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің негізгі мәні ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация қарастырылған. Бұл бастама қоғамның барлық саласын қамтиды және демократиялық принциптерді нығайтуды көздейді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Жуырда ғана аудандық мәдениет бөлімі күрделі жөндеуден өткен жаңа нысанға көшкен болатын. Аудан басшысы бөлім жұмысымен танысып, сала жұмысын жетілдіруге қатысты тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі