Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев сазгер, мәдениет саласының ардагері Ермекбай Әдікеновты 70 жас мерейтойы қарсаңында қабылдап, ілтипат білдірді.
– Құрметті өнер саласының ардагері! Бүгінгі ерекше күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, көпке үлгі бола білдіңіздер. Осынау мерейлі мерейтойыңызда деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! – деп аудан әкімі ізгі тілегін жеткізе отырып, ардагердің иығына шапан жапты.
Ермекбай Әдікенов көп жылдар бойы туған жері Қоғалыкөл ауылының мәдениетін дамытуға еселі еңбек етті.
1969 жылы Қызылорда қаласындағы №69 кәсіптік техникалық училищесін бітіріп «Сыр гүлі» ансамбілінің құрамында өнер көрсеткен. 1970-1974 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік институтының музыка факультетін бітірді. 1974-1984 жылдар аралығында Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектептің әуез пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
1987-1997 жылдар аралығында әуез мектебінің директоры болды. 1998 – 2015 жылдар аралығында Қоғалыкөл ауылдық клубының басшысы қызметін атқарды.
Жиырмаға жуық әндердің авторы. Облыстық К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» әуендері атты сазгерлер байқауының жеңімпазы.
Өнер саласында 47 жыл қызмет атқарып, 2015 жылдың қыркүйек айында зейнеткерлікке шықты. Жолдасы Баян апаймен бірге 5 бала тәрбиелеп,11 немере сүйіп отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<