Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйіне барып, көрермен залындағы жаңадан орнатылған заманауи материалдық техникалық құрал жабдықтармен танысты.
«Аймақ басшысының тапсырмасымен көптеген мәселелерді демеушілер арқылы жүзеге асырудамыз. Бұған дейін мәдениет үйінің сахналық техникалық аппараттары сын көтермейтіні айтылды. Енді міне жаңа заманауи техникалық қондырғылар алынды. Осыны тиімді пайдаланып, ауданның өнері мен мәдениетіне үлес қосады деп сенемін. Бұл алдағы мерекелік, салтанатты шараларда көрерменге ыңғайлы болуы үшін жасалған дүние. Енді осыны тиімді пайдаланып, игілігін көруіміз керек», – деді А.Ибраимов.
Айта кетейік, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйіне демеушілік есебінен заманауи LED экран, дыбыс күшейткіш аппаратура және LED экранды басқаруға арналған компьютер сатып алынды.
Аталған жабдықтар мәдениет үйінде өтетін концерттер мен мерекелік іс-шаралардың сапасын арттырып, көрермендерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






