Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды

6

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қалалық мәдение және демалыс паркі аумағында «Наурызнама» онкүндігінің «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім – Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.

Шарада ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.

Бірлік пен берекені арттыратын осындай игі шаралар жалғаса береді. Ұлыс оң, Ақ мол болсын!

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды