Әліп Мәди Раманқұлұлы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әліп Мәди Раманқұлұлы 1989 жылдың 25 шілдесінде Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-і, штаттан тыс шаруашылық меңгерушісі болып бастаған.
09.09.2012-03.09.2013 жылдары аралығында «Берсүгір» ЖШС-і, инженер;
03.09.2013-15.12.2015 жылдары аралығында «Берсүгір» ЖШС-і, директорының міндетін атқарушы;
21.12.2015-04.09.2017 жылдары аралығында «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы;
04.09.2017-19.08.2020 жылдары аралығында «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің
құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің басшысы;
19.08.2020-09.03.2021 жылдары аралығында «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы;
09.03.2021-20.05.2022 жылдары аралығында «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» КММ-нің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы;
20.05.2022-осы кезге дейін «Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы» КММ-нің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<