Ресей Федерациясының халық әртісі Вера Алентова 83 жасында қайтыс болды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, әртістің қайтыс болғанын Мәскеудің А. С. Пушкин атындағы драма театры растады.
Бүгін Алентова Маяковский театрында актер Анатолий Лобоцкиймен қоштасу рәсіміне қатысып, жағдайы аяқ асты нашарлаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті. Өкінішке қарай, олар оны құтқара алмады. Әртіс ауруханада қайтыс болды.
Алентова кинодағы дебютін 1965 жылы Николай Литус пен Леонид Ризиннің «Ұшу күндері» драмасында мұғалім Лидия Федоровнаның рөлін сомдады. Барлығы 30-дан астам фильмдер мен телехикаяларда ойнады.
Ең танымал кинотуындыларының бірі — Владимир Меньшовтың «Мәскеу көз жасына сенбейді» мелодрамасындағы Катерина рөлі.
Оның соңғы рөлі Виктор Гинзбургтің 2022 жылы шыққан Виктор Пелевиннің романы бойынша түсірілген «Аипир V» фильміндегі Иштар Борисовнаның рөлі болды.






