Мәжіліс депутаттары ардагерлермен кездесті

663

0

Фото: Аманат партиясы

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов Шиелі ауданының ардагерлерімен кездесті.

Кездесу барысында фракция мүшелері елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ардагерлер елдің аузында жүрген көкейтесті мәселелерді көтеріп, тілге тиек етті.

Халық қалаулылары өзекті мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<