Мәжіліс депутаттары «AynaGlass» зауытының жұмысымен танысты

40

0

Фото: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Қызылорда қаласындағы жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Абенов және Мұрат Ергешбаев индустриялық аймақта орналасқан «AynaGlass» зауытының жұмысымен танысты.

«AynaGlass» жобасының жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Оның ішінде 225 млн теңге кәсіпорынның өз қаражаты, 1 275 млн теңге қарыз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Зауыт 2025 жылдың қараша айында іске қосылып, жылына 720 мың шаршы метр айна өнімін өндіруге қабілетті. Өнім ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жеткізіледі. Кәсіпорында 55 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Жоба 2023 жылы Біріңғай индустрияландыру картасына енгізіліп, индустриялық аймақтан 5,11 гектар жер телімі бөлінді. Шикізатпен қамтамасыз ету үшін «Orda Glass» шыны зауытымен келісімшарт жасалған.

Мәжіліс депутаттары «AynaGlass» зауытының жұмысымен танысты

Депутаттар өндіріс процесін, өнім түрлерін, технологиялық мүмкіндіктерін және экспорттық әлеуетін көріп, кәсіпорынның өңірге қосатын экономикалық үлесін жоғары бағалады.