Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

608

0

Мәжіліс отырысы Шахтинскіде қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 3 қарашада 5 адам қаза тапты. Бүкіл депутаттар атынан қаза болған кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Осыған байланысты марқұмдарды бір минут еске алуды ұсынамын», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде төтенше жағдай орын алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<