Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат төрағасы және «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы қатысты.
Мәжіліс отырысында 2024 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы, Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтау туралы мәселелері сөз болып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың сапалы әрі мерзімінде 100 пайызға игеру керек, – деді аудан басшысы.
Жиында мұнан бөлек, облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен «Қызылорда облысы білім басқармасының «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалған Сүлейменов Болат Мулланазарұлы таныстырылды.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<