Мәжіліс пен мәслихат сайлауы: Үгіт-насихат кезеңі басталды

797

0

сурет: ашық дереккөз

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына түсетін кандидаттар мен партиялар үшін үгіт-насихат кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, сайлау алдындағы үгіт-насихат бүгін сағат 18:00-де басталды. Аталған науқан 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау өтеді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын берудің шарттары бар. Тәртіп бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда лауазымды тұлғаға 30, ал заңды тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деп ескертеді Орталық сайлау комиссиясы.

Бұған дейін Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға ҚазАқпарат сайтынан интернет-алаң беру шарттары туралы хабарлаған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<