Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты емделіп жатыр. Бұл мәліметті палатаның баспасөз қызметі растады.
«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты ем қабылдап жатыр», – деп нақтылады баспасөз қызметі Kazinform агенттігіне.
Белгілі болғандай, палата спикері коронавирус инфекциясына шалдыққан.
Айта кетейік, Ерлан Қошанов бүгін Мәжілістің жалпы отырысына қатыспады.






