Мәжілісмендер өндірістік парк жұмысымен танысты

174

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов Сол жағалаудағы өндірістік паркке табан тіреді.

Облыста шағын өнеркәсіп аймақтарын құру үшін Қызылорда қаласының сол жағалауында 2 шағын өнеркәсіп паркін салуға 2 кәсіпкердің өтінімдері мақұлданып, нәтижесінде «Тұмар» ЖК және «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің негізі қаланған болатын.

Аталмыш жобалар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы іске асыруға арналған Жол картада жоспарланған. Екі жобаның құны 1 млрд. 52 млн. теңгені құрайды. Айта кетерлігі, жоба құнының 210 млн. теңгесі кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен болса, қалғаны «Байқоңыр» ӘКК мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ есебінен жүргізілуде.

Өндірістік парк негізінде қаламызда бірқатар жаңа жобалар қолға алынбақ. Мәселен, ысталған балық, табиғи шырын өндірісі, кондитерлік өнімдер мен тағамдар өндіру цехы жұмыс жасамақ.

Расында, тұрғындардың табиғи өнімдерге сұранысының артуына байланыста қолға алынған қомақты жоба қала тұрғындарын сапалы тағамдармен қамтитыны анық. Сондай-ақ, жаңа мамандар даярланып, қосымша жұмыс көзі ашылмақ.

Атап өту керек, «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-і шағын өнеркәсіп аймағымен қатар, коммуналдық базар және ауыл шарушалығы өнімдерін сақтау қоймасын салуды және осы өнеркәсіп аймағында қалдықсыз өндірісті қолға алуды көздеп отыр.