Мәжілісте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды

222

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік қызметтерді дамыту мен цифрландыру және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.

Мәжілісте алдымен мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселесі қаралып, барлық мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтарға жол бермеуге жұмыс жасап, оған бақылауды күшейту, сапалы қызмет көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының Қазалы аудандық бөлімі арқылы 2594 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген. Оның шінде мемлекеттік корпорация арқылы 1238, қызметті берушінің кеңесі арқылы 61 қызмет көрсетілген.

Жиында мұнан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.

– Биыл ауданда 18245 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде негізгі дақыл күрішті – 6436 гектарға егу жоспарлануда. Ендігі кезекте көктемгі дала жұмыстарына дайындық шараларын бір пысықтап тұқым дайындау, минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағармай қорын қалыптастыру, техникаларды әзірлеу сынды проблемалық мәселелер болған жағдайда осы бастан шешуге жұмыс жасау қажет, – деді аудан басшысы.

Мәжілісте аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов биылғы егін егу жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндаса, вегетациялық су алу кезеңіне дайындық барысы туралы «Қазалысушар» өндірістік учаске бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Жанилов хабарлама жасады.

Жиында аудан әкімі тиісті сала басшыларына егіс науқанына дайындық шараларын жеделдетіп, жоғарыда айтылған мәселелерді жеделдетіп шешу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар тиісті мекеме басшысына шаруашылықтармен тығыз жұмыс жасап, су лимитін бөлу мәселесін қолға алуды және өткен жылдан қалыптасқан шаруашылықтардың суға қарыздарын егін егу науқанына дейін шұғыл өндіру керектігін айтты.

Мәжіліс барысында егін шаруашылығындағы тағы бір маңызды мәселе егінге малдың түсу мәселесі де көтерілді. Осыған байланысты аудан әкімі кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне егін маусымында шамадан тыс төрт түлік малдары бар тұрғындарды елді мекен аумағынан тысқары аймаққа шығару, сондай-ақ тұрғындарға күндізгі түнгі мезгілдерде малдарына ие болып пада, кезек ұйымдастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<