Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша №218 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Амангелді Жансая жүлделі І орын алып, облыстық кезеңде ІІІ орынға ие болды.
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған» бағытында Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сақтаған Еңлік І орынға лайық деп танылды. Еңлік облыстық кезеңде де топ жарып республикаға жолдама алды.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында №143 орта мектептің 10 сынып оқушысы Өмірбек Нұрасыл да қалалық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңде топ жарды. Нұрасыл алдағы республикалық кезеңде бақ сынайтын болады.
Жүлдегер шәкірттерімізді құттықтай келе, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!!!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<