Фото: Pexels
Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады, деп хабарлайды Kazinform.
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.
Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына – 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» – 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» – 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» – 461 грант бөлінген.
Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр.
Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<