Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды.
Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны – 41 815.
Ең көп таңдалған білім салалары:
Педагогикалық ғылымдар;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
Бизнес, басқару және құқық.
Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын.
Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<