Магнитогорскіде үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

186

0

РФ Магнитогорск қаласындағы үйдің кіреберісінің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС Ресей ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Үйіндінің астынан шығарылған соңғы адамның жынысы анықталмады», – деді ведомство өкілі. Тағы төрт адамның тағдыры белгісіз. Апат орнында үйіндінің асты төрт тәулік бойы тексеріліп жатыр.
31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорскіде тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінде шатыр арқалығы опырылып түскен. РФ тергеу комитеті оқиғаға тұрмыстық газдың жарылуы себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<