Қайтыс болған адамдар әкесі мен қызы екені анықталды. Олардың мүрделері үйде ұзақ жатып қалған.
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жер үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жер үй елді мекендегі «Площадка» шағын ауданы аумағында орналасқан. Қайтыс болғандар қызы мен әкесі екені анықталған.
Белгілі болғандай, марқұмдардың мүрдесі үйде ұзақ уақыт жатып қалған. Ал үйде осы уақытқа дейін қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрып келген. Басқа ақпарат әзірше жарияланбады.
– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.






