Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында салық түсімдерінің орындалуы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, сондай-ақ жыл соңына жоспарланған бюджеттік қаржының толық әрі сапалы игерілуі мәселелері қаралды.
Аудан әкімі жылды қорытындылау кезеңінде барлық сала бойынша жоспарланған межелерге қол жеткізіп, көрсеткіштердің өсу қарқынын сақтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасқан. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, тұрғын үй құрылысы, бөлшек сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көрсетіп отыр.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қаржының мақсатты әрі толық игерілуін қамтамасыз етуді қатаң ескертті.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






