Мал сатып алуға кеткен азамат хабар-ошарсыз

564

0

Қызылорда қаласының тұрғыны екі айдан бері хабар-ошарсыз. Ол ақпан айында мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысына жолға шыққан.

45 жастағы қызылордалық Ұлықбек Нысанбаев биылғы 23 ақпанда мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына аттанған. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Ұлықбек Тұрмаганбетұлының қайта оралмауына байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Оның бойы 165-170 см, толық денелі, қысқа. Үстіне көк түсті куртка, көк түсті классикалық шалбар, басына кара түсті кепка, аяғына қара түсті етік киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат білген жағдайда мына телефон нөмірлеріне мәлімет беруді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасы», – деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<