Мал шаруашылығының маңызды мәселелері

96

0

Кеше ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен мал шаруашылығының дамуы, ветеринариялық бақылау және саланы цифрландыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Мемлекеттік қолдаудың ар­қасында өңірде мал басы өсіп, өнім көлемі артуда. Өткен жылы Қы­зылорда қаласында 800 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құруға 3,2 млрд теңге бөлінді. Биыл 11 млрд теңгеге екі тауарлы- сүт ферма салу жоспарланған. Өңірде мал азығы дақылдары 73600 гек­тарға егілді, бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 3 400 гектарға артық. Ерте көктемде көлдер жүйесін толтыру арқылы 76 200 гектар жайы­лымдық, шабындық жер су­ғарылды.

2025-2026 жылдарға 958 мың тонна табиғи шөп, 192 мың тонна жем және 157 мың тонна сабан дайындау жоспарлануда. Жоңыш­қаның бірінші орымынан 111 300 тонна жиналды. Жаппай шөп да­йындау жұмыстары шілде айының екінші жартысынан басталады.

Аса қауіпті 13 жұқпалы мал ауруының алдын алу үшін 6,3 млн доза ветеринариялық препарат­тың 4,5 млн дозасы жеткізілді. Облыс аума­ғындағы Сібір жарасы көмін­ділері бақылауда. Ветери­нариялық нысан­дарға қатысты ұсыныстар енгізіліп, биыл 6 жаңа ветпункт салынады. Өткен жылы 7 ветпункт іске қосылды.

«СБ» ақпарат