Қызылорда облысында биыл мал ұрлығымен айналысқан 37 қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде Биылғы жылдың 8 айында облыс көлемінде бөтен мүлік ұрлығының тіркелуі 6,8 пайызға төмендеді. Ұрлық және мал ұрлығын жасағаны үшін жалпы 304 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осындай әрекетке бой алдырған 37 қылмыстық топ қолға түсті.
«Облыста мал ұрлығы Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында жиі тіркеледі. Есепті мерзімде тіркелген 104 мал ұрлығының 24-і қорадан ұрланса, қалған 80-і (77 пайыз) қараусыз, бақташысыз жүріп өрістен қолды болған. Ал, учаскелік полиция инспекторлары тарапынан қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 1439, ветеринария қызметінің тиісті құжатынсыз мал тасымалдаған 53 адамға әкімшілік шара көрілді», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев облыс әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<