Малайзиядағы 17 жасар қазақстандықтың өліміне кім кінәлі?

192

0

Фото: жеке архивтен

Әлеуметтік желіде блогер-студенттер Малайзияның жеке клиникаларының бірінде 17 жастағы қазақстандық Нұрай Қадыр пневмониядан қайтыс болғаны туралы баяндайтын бейнежазба таратты. Қыз Куала-Лумпур маңындағы Сепанг қаласындағы Xiamen Қытай университетінде оқып жүрген.  Orda.kz тілшісі Нұрайдың анасымен байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын білді.

Университет студенттерге немқұрайлы қарайды

Таралған бейнероликтерде студенттер Нұрайдың мақсатшыл, көңілді, спортқа жақын болғанын айтады. Малайзияда оқитын қазақстандық студенттердің бірі Нұрайдың кураторлардан көмек сұрағанын, бірақ олар уақытында жауап бермегенін айтты.

«Қыздың ата-анасымен хабарласқанымда, Нұрайдың бірнеше рет кураторлармен және университет басшылығымен байланысқанын, көмек сұрағанын білдім. Себебі оған медициналық тексеру мен көмек қажет болды. 21 желтоқсанда қыз үйге телефон соқты, оның температурасы 38,5 градус болды. Келесі күні бұл көрсеткіш 39,5-ке дейін көтерілді. Бұл жағдай төрт-бес күн бойы жалғасты. Оның тыныс алуы қиындады, денсаулығы нашарлады, бірақ оның екі рет өтініш білдіргеніне қарамастан кураторлар мен университет басшылығы оған ешқандай жедел-жәрдем қызметін шақырмады. Олар дәрігер шақыруға себеп жеткіліксіз деп санап, оны елемеді. Қыздың жағдайы ауырлаған кезде ғана олар бірдеңе жасауға тырысып, оны жеке клиникаға жіберді. Бірақ, өкінішке қарай, ол еш көмек бермеді, қыз ауруханада қайтыс болды. Ең қорқыныштысы, Сямэнь университетінің басшылығы өзінің салғырттығын және студенттеріне деген жауапсыздығын жасыруға тырысады. Мен Малайзияда бір жылдан астам уақыт оқып жүрген студент ретінде, бұл мәселеге назар аудару, оны көтеру және жариялау қажет деп санаймын. Әйтпесе, біз Нұрайдың жағдайы қайталануы мүмкін деп қорқамыз».

Қыздың айтуынша, университет өкілдері видеоны таратқан блогерлермен байланысқа шығып, оларды университет имиджіне нұқсан келтіргені үшін сотқа береміз деп қорқытқан. 

Бейнежазбада қыз Нұрайдың оқиғасы университет басшылығы Қазақстаннан келген студенттерге жауапсыз көзқарас пен немқұрайлылық танытқан жалғыз жағдай емес екенін айтты. 

Видеода Нұрайдың жағдайы университет басшылығының Қазақстан студенттеріне қатысты жауапсыз және немқұрайлы қарым-қатынас көрсеткен бірінші жағдай емес екенін айтты.

«Бұндай шектен шыққан салғырттық пен жауапсыздық біздің студенттерімізге қатысты Сямэнь университетінде бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған ата-аналардың сөздері мен біздің диаспорадағы студенттердің айтқан деректері дәлел бола алады. Қазір осы университеттің үш студенті ауруханада жатыр»,

 деді ол.

Бірақ Нұрайдың анасы Роза бізге мүлдем басқа жағдайды баяндады.

«Университеттің кінәсі жоқ. Бала дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болды. Өйткені олар қажетті көмек көрсетпеді. Томография жасамады, пульмонологты шақырмады. Емді жалпы тәжірибе дәрігері жүргізді. Қызым ауруханаға түскен бойда пневмония диагнозы қойылды. Бұл университеттің кінәсі емес, университеттегі қызметкерлер мен жеке клиникадағы дәрігерлердің кінәсі»,

 дейді Роза.

Роза қызы грант негізінде университетке түскенін және Малайзияда тегін оқығанын айтты. Ол 21 желтоқсанда Нұрайдың дене қызуы көтеріліп, өзін жаман сезінгенін растады. Қыз студенттік емханаға көмек сұрап барғанымен, ол демалыс күндері жұмыс істемеген. Қыз кампуста жатып қалған. Анасының дәрігер мамандығы бойынша білімі бар, қызына дене қызуын түсіретін дәрілер ішіп, тезірек кәсіби медициналық көмекке жүгінуге кеңес берген.

Дүйсенбі күні температурасы төмендемей, жағдайы жақсармаған соң Нұрай емханаға барған. Бірақ оған тек екі күндік демалыс беріп, сабақтан босататын анықтама жазып берген. Студент анасына не істеу керектігін сұрап, кеңес алу үшін хабарласқан.

«Үшінші күні мен қызымның қызуы әлі де төмендемей, жағдайы жақсармағанын білгенде қатты қобалжыдым. Қызым медициналық бөлімнен ешқандай көмек ала алмайтынын, жеке клиникаға барғысы келетінін айтты. Университеттің медициналық бөлімінен анықтама алған соң, ол жеке ауруханаға барды. Ол Рождество мерекесі кезінде ауруханаға түсті. Рождествоның кесірінен менің қызым қажетті көмек ала алмады», 

 деді анасы.

Нұрай 24 желтоқсанда — католиктік Рождество күні кешкісін жеке клиникаға барған. Роза осы мереке оның қызына дұрыс қарамаудың себебі деп санайды. Ауруханада тек жалпы тәжірибе дәрігері болған, ол пневмонияны емдеудің барлық қажетті шараларын орындамаған деп есептейді. Қызға диагноз қойылған сәтте пневмония анықталған.

Студенттің анасы баласына пульмонолог шақырылмағанын, компьютерлік томография мен анализдер алынбағанын айтады. Емдеу түрі ретінде  дәрігер тек антибиотик жазып беріп,  рентгенге жіберген. Сәрсенбі күні кешке Нұрайдың жағдайы нашарлады.

«Ауруханада оған рентген түсірілді. Анализ лейкоцит деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Рождество мерекесінің кесірінен ауруханада тек кезекші дәрігер болды, ол қызыма еш көмек көрсетпеді. Кешке жағдайы нашарлады. Қызыммен байланыс үзіліп, мен оған қоңырау шала алмадым. Қазақстаннан барған студенттерге хабарласып, ауруханаға баруын сұрадым. Бірақ оларды кіргізбеді, «ертең келіңіздер, Нұрай интенсивті терапияда жатыр» деген»,

 дейді Нұрайдың анасы.

Келесі күні, студенттер Нурайды көруге келгенде, дәрігерлер олардың қыздың жағдайы туралы ақпарат беругден бас тартты. Олар тек оның заңды өкіліне ғана ақпарат беретінін айтты. Осыдан кейін қазақстандық төртінші курс студенті Нұрайдың сенімді өкілі болды.

«Мен оның өкілі екенімді айттым. Нұрайды жасанды тыныс алу аппаратына қосу үшін, дәрігерлер менің рұқсатым мен өтініш жазуымды сұрады. Мен келісімімді бердім»,

 дейді Роза.

Қыз өтініш жазып берген, бірақ бір сағаттан кейін Нурай қайтыс болды.

«Одан бұрын рентген жасалды, оның өкпесі әлі қалыпты еді. Бір күн ішінде олар ауруды асқындырып алды — бұл пневмонияның соңғы сатысы, өкпе сұйықтыққа толып кеткенін білдіреді. Ол сепсиске айналып, соның салдарынан қайтыс болды»,

 деді қайтыс болған студенттің анасы.

Роза дәрігерлердің айтқан сөздерін ашулана еске алды, олар тек өздерін ақтап, қыздың жалпы жағдайына қарап шешім қабылдадық деген. Ол қалыпты көрінген, ал лейкоциттердің жоғары болуы малайзиялық дәрігерлердің пікірінше, «қабылданған» нормаларға сәйкес келген».

Үш күн ішінде Нұрай қайтыс болған жеке клиника оған ем жасадық деп үш жарым миллион теңгеге жуық төлем талап етті.

«Олар антибиотик салды және жағдайдың жақсарғанын күтті. Осы үш күнде хаттамаға сәйкес емдеу болған жоқ. Тек рентгенге түсірді. Бұл үшін олардың барлығы үш жарым миллион теңге талап етіп отыр»,

деп хабарлады қыздың анасы.  

Емді де, қыздың денесін елге жеткізуді де сақтандыру компаниясы төлейді.

Сіздің қызыңыз өзі ем іздемеді

Роза Xiamen университетінің өкілдерімен кездесті. Олар отбасына көңіл айтты ма, жоқ па, бізге ол жағы белгісіз, бірақ университет қызметкерлері олардың барлық студенттері тегін медициналық көмекпен қамтылғанына сендірген. Егер студенттер ауырып тұрса, олар жұмыс күндері кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін медициналық орталықта дәрігерден кеңес ала алады. Басқа жағдайларда университетте госпитальмен ынтымақтастық туралы келісім бар, оның байланыс нөмірлері әр бұрышта ілулі.

Ал ЖОО әкімшілігі Розаға Нұрайдың өзі емделуге тырыспағанын айтқан.

«Бірақ мен олай емес екенін дәлелдедім. Өйткені, қызым медициналық пунктке барды, сол жерден анықтама алды. Содан кейін бізге: студенттер екі күнге анықтама ала алады деді. Бұл жақсы. Олар: әр бұрышта емхананың телефондары ілулі тұр, оған бару керек. Демек, Сіздің қызыңыз студенттік ауруханадан көмек сұрамады, бірақ жеке клиникаға жүгінді деді»

дейді әйел.

Ол медициналық пунктте ешқандай көмек көрсетілмеді деген талап қоюға тырысты, өйткені Нұрайдың температурасы жоғары болған. Бірақ университет әкімшілігі оның дәлелдерімен келіспеді.

«Мен медициналық пункт көмектеспегенін айттым, тек анықтама жазып берген. Олар маған сіздің қызыңыз басқа жақтан көмек іздеді. Ол жеке клиниканы өзі тапты. Оның ауруханаға жатқызылғанын ешкім білмеді. Содан кейін Рождество болды. Біз оның ауыр жағдайы туралы білмедік. Университетті кінәламаңыз. Бізде барлық жағдай жасалған, бізде медициналық пункт, госпиталь бар. Бұл туралы бәрі біледі. Сіздің қызыңыз басқа ауруханаға барғаны үшін өзі кінәлі деді»,

 деп бөлісті анасы.

Соңында Роза қызының өліміне қатысты барлық кінәні жеке клиникаға жүктейтінін тағы бір рет қадап айтты.

Orda.kz     ҚР Сыртқы істер министрлігіне және Xiamen университетінің баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін хат жолдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<