Мұғалім мәртебесі: Ұстаздар қашан зейнетке шыға алады?

50

0

Енді педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толған ұстаздар зейнетке шығуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева мәлім етті, – деп хабарлады baq.kz тілшісі.

Бүгін Астанадағы №59 мектепте «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заңының жобасы талқыға салынды. Шараға ҚР Білім және ғылым министрі Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.

Заң жобасындағы ұсыныстарды мұғалімдерге Сәуле Кабимолдаева таныстырды. Оның айтуынша, енді ұстаздардың педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толса, олар зейнет шыға алады.
«Зейнетке шығу мәселесіне тоқталайын. Зейнетке шығу жасына сәйкес педагогикалық еңбек өтілі 30 жыл болуы керек. Бұл ұсыныс барлық өңірлерден келіп түсті. Біз педагогикалық еңбек өтілі 30-35 жыл болу керек деп ұзақ талқыладық. Көрші елдердің тәжірибесін қарадық. Кеңес өкіметі кезінен ТМД елдерінде бұл тәжірибе сақталған. Сондықтан 30 жыл жұмыс істеген соң, (мұғалімдер – автор) зейнетке шыға алады деген шешімге келдік», – деді ол.
Жиында Эльмира Суханбердиева аталған заң жобасы ақпан айының басында Мәжілісте таныстырылатынын атап өтті. 
Айта кетейік, өткен жылы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.
Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Сенатта өткен Үкімет сағатында аталған заң жобасының дайындала бастағанын мәлімдеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз