Мамандық таңдау маңызды

291

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Әскери жұмылдыру жедел бөлімше мемлекеттік құпияларды қорғау тобының қызметкерлері №10 мектеп лицейіне және №179 мектеп және № 136 мектеп  окушылары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Әскери жұмылдыру бөлімше бас маманы аға лейтенанты Рабат Сакенұлы оқушыларға Көкшетау техникалық институтына түсу ережелерімен танысып, ақысыз білім берудің беделіне тоқталды. Өз сөзінде ол талапкердің қандай қасиеттерге ие болуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, оқу базасының жабдықтары туралы айтып берді. Студенттер тамақтану, нысанды киім-кешекпен және институт курсанттарының казармалық жағдайда тұруы туралы толық көлемде ақпарат алды.
Имидждік бейнеролик көрсетілімінен кейін тыңдаушыларға оқу орны туралы жадынамалар және жеке консультация үшін байланыс телефон нөмірлері таратылды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<