Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

323

0

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады? Сәуірде қазақстандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал мамыр айында ел халқы 20 күн еңбектеніп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады.

Сәуірдің соңында қазақстандықтар бір сенбіні (28 сәуір) жұмысқа арнайды, ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, бұл ретте 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда адамдар жұмысқа шығып, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Яғни 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.

Дереккөз: KAZINFORM.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<