Мамыр айында үш мереке бар. Осыған орай Қазақстан азаматтары қосымша үш күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мамыр айында Қазақстанда үш қосымша демалыс күні болады:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
9 мамыр – Жеңіс күні
7 мамыр мен 9 мамыр аралығында бір жұмыс күні (8 мамыр, ол бейсенбі) бар. Бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар үшін бұл күннен кейін 9-11 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалыс болады.
Наурыз мейрамының демалыстары да жақындап келе жатқанын еске сала кетейік. Қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда 5 күн қатарынан демалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<