Мамырда жауын-шашын шамадан көп болады – Қазгидромет

456

0

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Бірнеше күн жоғары температуралық фон сақталады деп болжанып отыр. Республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Суық толқындарда ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін, батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде – түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін болжанып отыр.

«Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанып отыр. Онда жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан көп болады», – деді Қазгидромет баспасөз хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<