«МЮ» делегациясына 100-ге жуық адам кірген. Футболшы, бапкерлер мен клуб қызметкерлерінен бөлек, чартер ұшағының бортында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер болды. «МЮ» ұшағы Нұр-Сұлтанға 27 қарашада таңғы 4:20-да қонды. Әуежайда команданы бірнеше фанат күтіп алды, бұл уақытта елордада ауа температурасы -13 градус болған.
Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы «Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы 28 қарашада өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 21:45-те. Бұған дейін «МЮ-дің» астанаға алып келген құрамы белгілі болған. Құрамдағы ең танымал футболшылар – Люк Шоу мен Джесси Лингард, қалғандары резервте жүрген ойыншылар.





