Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері Нағи Ілиясов ауылында болды

335

0

Фото: Сырдария ауданы

Кеше Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерінің Қызылорда облысына іс-сапары барысында ауданымызға қарасты Нағи Ілиясов ауылына барды. Делегация өкілдері елді мекеннің бүгінгі жай-күйімен, «Еңбек даңқы аллеясымен», ауылдық мәдениет үйі және спорт кешені жұмысымен танысты.

«Kazakh Tourism» «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша туристер үшін ең үздік ауылдардың қатарында Нағи Ілиясов ауылы да бар. Бүгінде көркі жарасқан, тарихы терең ауылдың тыныс-тіршілігімен ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов таныстырды.

Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері Нағи Ілиясов ауылында болды

Сапар барысында Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдері алдымен «Еңбек даңқы аллеясын» аралады. Елді мекенде соңғы жылдары жүргізілген құрылыс жұмыстары мен абаттандыру шаралары көрсетілді.

Делегация өкілдері ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасын аралап, қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, қонақтар елді мекендегі спорт кешеніне табан тіреп, ондағы спорттық үйірмелер мен жас спортшылардың жетістіктерімен танысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<