Бүгін Маңғыстау облысынан келген делегация өкілдері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында «Жан-Арай» агро-индустриалды кешенінің күріш ақтау және құрама жем шығару зауыттарымен танысты.
Одан әрі, «Казагромир» ЖШС жылыжайын аралады. Бұл жылыжайдың аумағы 2 гектарды құрайды. Жылына 400-500 тонна аралығында қияр өнімі жиналып, облысқа және Түркістан, Шымкент, Алматы, Астана өңірлеріне жеткізуде.
Содан кейін, делегация өкілдері Сырдария ауданының Бесарық ауылындағы «Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңдағы бизнес-инкубатордың жұмысымен танысты. Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<