Диего Марадона Аргентина – Нигерия матчынан кейін өзін жайсыз сезініп, Санкт-Петербургтен Мәскеуге жеке ұшақпен ұшып барған, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Marca-ға сілтеме жасап.
О баста медициналық көмекке мұқтаж болғанмен, қазір 57 жастағы аргентиналық аңыз футболшының жағдайы тұрақты. Оның Санкт-Петербургтегі ауруханада болған-болмағаны туралы нақты ақпарат жоқ. Матч аяқталған соң Марадона трибунадан өзі еркін шыға алмаған.
Қиын ойыннан соң аргентиналықтар 2:1 есебімен жеңді. Осы ойынмен бір уақытта болған D тобының тағы бір кездесуінде Исландия құрамасы Хорватиядан 1:2 есебімен жеңілді. Бұл нәтижелер Марадонаның отандастарына 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы жолдамасын берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<