Сурет ашық дереккөзден
Марокко Ішкі істер министрлігі зілзаладан қаза тапқандар саны 2012 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Марокконың оңтүстігінде, Марракештен 70 шақырым жерде кеше кешке 6,8 балдық зілзала болды. 19 минуттан кейін 4,9 балдық екіншісі қайталанды. Марокко арналары CCTV камераларына түсіп қалған, зілзала болған сәттерді көрсетіп жатыр.
Марокко геофизика орталығы Атласс таулары ауданында 7,2 балдық зілзала болғанын хабарлады. АҚШ Геология қызметі жер сілкіну магнитудасын 6,8 балл деп бағалап, айтарлықтай тереңде – 18,5 шақырым жерде болғанын айтты. Зілзала болған таулы аудан Марракештен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырым жерде орналасқан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<