Мас қызылордалық әйелін ұрып өлтірген

544

0

Мас қызылордалық әйелін ұрып өлтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz

3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы азаматшаны заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.

Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<