Облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры Шиелі, Жаңақорған аудандарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында семинар өткізді. Оның мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін күшейтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Әлішер Амангелдиев, қор директоры, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысып, тақырып төңірегінде хабарлама жасады. Айта кету керек, осы тектес шаралар Жалағаш, Қармақшы аудандарында да ұйымдастырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<