«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігі «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелді ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі, бірлестіктің жастармен жұмыс бағыты бойынша жетекшісі Еркін Құсан жүргізді.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Болат Боранбай қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы, осы бағытта республикада, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын тарқатып айтты. Жиын соңында тыңдаушылар тарапынан латын әліпбиіне қатысты сұрақтар қойылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<