Фото ашық дереккөзден
McDonald’s брендімен жұмыс істеген «Food Solutions KZ» ЖШС-ның қызметі қайта жанданды деп хабарлады turkystan.kz.
Компанияның ақпаратынша, бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылады.
Мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталады.
«Бұл – компания өміріндегі жаңа кезең. Біз әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Бізге қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз», – деді Food Solutions KZ ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.
Айта кетсек, бұған дейін Ресейде McDonald’s мейрамханасын алмастырған жаңа фаст-фуд желісі «Вкусно – и точка» Қазақстанда ашылуы мүмкін деген хабар тараған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<