McDonald’s мейрамханалар желісінің баспасөз қызметі Қазақстанда жұмысы неге тоқтап тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі McDonald’s мейрамханалары фискалдық деректер операторында (FDO) техникалық ақау болуына байланысты жабылғанын хабарлаймыз», – делінген компания хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.
«Барлық өңірдегі бөлімшелер біртіндеп ашылып жатыр», – деп қосты олар.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда McDonald’s мейрамханалар желісі жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған. Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<