Медиа және теннис: аймақ журналистері арасында Үздік ракетка иегерлері анықталды

6

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі аймақтағы медиақауымдастық өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өткізді.

Спорттық шараға республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, баспасөз хатшылары, видеооператорлар мен дизайнерлерден құралған 6 команда қатысты. Турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Qyzylorda» облыстық телеарнасының командасы, ІІ орынды NIS командасы иеленді. Ал турнир жеңімпазы болып «Сыр медиа» ұжымы атанды.

«Үздік ракетка» номинациясы облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Аружан Оралбайға және ұлдар арасында қалалық Qogam TV телеарнасының видеоинженері Дәулет Садықовқа бұйырды.